Сот жүйесі жұмысының тиімділігі көп жағдайда сот орындаушыларына байланысты. Өз жұмысын заңдылықтарға сәйкес мүлтіксіз жүргізуіне тәуелді десек болады. Себебі сенімді атқарушылық іс жүргізу жүйесін қалыптастыру сот билігінің беделін арттырудың негізгі белгісі.

Тақырыпты толығырақ тарқатар болсақ, өткен жылы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Арман Қожахметов дәл осы мәселеге қатысты ұсынысын ортаға салғаны есте. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасы бойынша қорытынды әзірледі.

Мақсаты – атқарушылық іс жүргізу мәселелері жөніндегі заңнамалық актілердегі олқылықты, қарама-қайшылықтарды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін нормаларды жою. Ол мынадай мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Жеке сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізуі аяқталған кезде алдыңғы жеке сот орындаушылары шығарған мәжбүрлеу шаралары туралы барлық қаулының күшін жою міндетін белгілеу, жеке сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулының көшірмесін жіберу және мәжбүрлеп орындау шаралары туралы хабарлама жіберу міндетін белгілеу. Ал комитет заң жобасын жұмысқа алуды ұсынды.

Жалпы, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидалары бекітілген. Атап айтқанда, «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидасы әзірленді. Аталған мемлекеттік қызметті атқарушылық іс-әрекеттердің жасалу орны бойынша аумақтық әділет органдары көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері, ол көрсетілетін қызметті беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «электронды үкімет» www.egov.kz веб порталы арқылы жүзеге асыра алады.

Бұл ретте оқырман тарапынан «Қандай құжат қажет?» деген сауал туындауы орынды. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы өтініш, Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес берілген cот бұйрығы, судьяның қолымен және соттың мөрімен куәландырылған заңды күшіне енгені туралы белгісі бар сот актісінің көшірмесімен қоса сот актiсінің негiзiнде берiлген атқару парағы, жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін). Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін алым алынбайды. Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетілетінін назарға алу маңызды.

Ж.БАЕКЕЕВА,

Қармақшы ауданаралық Сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімі филиалы басшысы, аға сот орындаушы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!