Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығымен Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер қағидалары бекітілді. «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидасы әзірленді.

«Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес,  «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес бекітілген. Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жойылды.

Аталған мемлекеттік қызметті атқарушылық іс- әрекеттердің жасалу орны бойынша аумақтық әділет органдары көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері, ол көрсетілетін қызметті беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «электронды үкімет» www.egov.kz веб – порталы арқылы жүзеге асыра алады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі: көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды жолдайды, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АІЖ ОААЖ) тіркеуді жүзеге асырады және мемлекеттік сот орындаушысына береді, мемлекеттік сот орындаушысы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау немесе қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады, ол көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

Қажетті құжаттар тізбесіне тоқталатын болсақ, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға аттестаттаудан өтуге жіберу туралы осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады. Көрсетілетін қызметті беруші лицензия алуға құжаттар келіп түскен күні оларды тіркейді және орындауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес мемлекеттік қызметті алуға өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Ескеретін жайт, құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда және немесе қолдану мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші олар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы бас тарту көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Ғалия СҰЛТАНОВА,

Арал ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімінің басшысы,

аға сот орындаушы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!