Атырау облысы әкімінің орынбасарлары Серік Айдарбеков пен Нариман Таушов қызметінен босатылды деп хабарлады turkystan.kz.
С.Айдарбеков Нұрлан Таубаевты алмастырып, оның ісін тергеу сатысында облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Еске салсақ, былтыр көктемде Айдарбеков сот облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолланы қызметтік өкілеттігін асыра пайдалануда кінәлі деп таныған соң қызметінен кету туралы арыз жазған болатын. Бірақ, сол кездегі облыс Махамбет Досмұхамбетов арызын қабылдамай, қатаң сөгіспен шектелді. Ал былтыр наурыз айында Нариман Таушов қаржы саласын басқарған тәжірибелі Айгүл Әжіғалиеваны алмастырды. «АЖ» мәліметінше, онымен өзекті мәселелер бойынша жиі кеңесетін.
Ең бастысы, екі орынбасар да «жағымсыз себептермен» емес, штаттың қысқаруына байланысты қызметінен айырылды.
– Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдері аппараттарында мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру туралы Мемлекет басшысының 2022 жылының 16-наурызындағы Жолдауында айтылған тапсырманы орындау мақсатында Атырау облысы әкімі орынбасарларының шекті саны 2 адамға қысқартылды. Бұл жағдай дәл осымен байланысты, – деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!