Атырау облысы Жылыой ауданында өзен арнасын бұру үшін Жем өзеніндегі жасанды бөгеттерді бұзу жұмысы басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың айтуынша, Жем өзенінен елді мекендерге қауіп төндірмес үшін жасанды бөгеттерді бұзу қолға алынған.
«Жылыой ауданына төнген қауіпті сейілту мақсатында Жем өзенінің сағаларын ашып жатырмыз. Бұл маңда кезінде көптеген шаруа қожалықтары суды жинап алу мақсатында ағыс көзін бітеген. Жасанды бөгеттер тұрғызған. Бұл Жем өзенінің өз арнасымен ағуына ағып кетуіне үлкен кедергі келтіріп отыр. Сол себептен бітелген сағадарды ашу үшін жасанды бөгеттерді бұзу қолға алынды», – деп хабарлады Қайрат Нұртаев.
Сонымен қатар Жылыой ауданында 26 467 тұрғын, оның ішінде 5 976 бала эвакуацияланған. Әкімдіктің мәліметінше, Құлсары қаласында 2810 тұрғын үй мен инфрақұрылымды су басты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!