Облыстағы Құрманғазы ауданында қамыс көптеп өседі. Бұған қызығушылық танытқан инвесторлар өңірде өндіріс орнын ашып, қағаз шығару шығару ісін қолға алуға ниетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Atr.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгінде ауданда 10-ға жуық демалыс орыны жұмыс істеп тұр. Көрші аймақтардан, жақын шетелдерден келетін туристер балық аулау, аңшылыққа шығаратын орындарға жиі барады. Аудан басшылығы туризм саласын одан әрі дамытудың жоспарын жасауға ниетті.
«Ауданымыз теңізге жақын орналасқандықтан қамыс көп екендігі белгілі. Бұл бағытта инвесторлар қызығушылық танытып, қамыс өнімінен қағаз шығаруға ынта танытуда. Бұл өндірісті жолға қоюға 90 млрд теңге қаражат құя алатын кәсіпкерлермен келіссөздер басталып отыр. Егер инвесторлармен сәтті келісім жасалса, онда аудан халқына 500 орындық жұмыс көзі ашылады. Инвесторға зауыт салуға тиісті жер көлемі де көрсетілген. Енді инвестордың мамандарының зерттеп, сараптауынан кейін жұмыстың басталуы алыс емес»,- дейді аудан әкімі Абат Жанғалиев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!