Фото: Ашық дереккөзден

Атырау маңында інісімен бірге суға батып кеткен қыздың денесі судан шығарылды. Құтқарушылар оны үш күн бойы іздеген, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамызда сағат 18:53-те Атырау қаласының Құрманғазы ауылында сүңгуірлер баланың денесін тауып, судан шығарып алған.

«Сүңгуірлер 1-3 тамыз аралығында барлығы 20 су асты сүңгуін өткізді. 12-15 метр тереңдікте алты мың шаршы метр аумақ зерттелді. Су астындағы іздеу жұмыстарына күшті ағын, су астындағы бөгде заттардың көптігі және нөлдік көріну кедергі болды», – деді аймақтық ТЖД.

Айта кетейік, тамыз айының алғашқы күні Атырау маңында ағасы мен әпкесі суға батып кеткен. 9 жастағы қыз және 7 жастағы бала суға кетіп, көз жұмған еді. Құтқарушылар сол күні ұл баланың денесін тапқан болатын. Қыздың денесі кеше табылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!