Фото: ortcom.kz

Атырау қаласында жүк тасымалдайтын ашық және жабық вагондар, цистерналар, хоппер вагондары мен контейнерлер тасымалдайтын платформалар шығаратын зауыт жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

«ТексолТранс» зауыты толық қуаттылығына көшкеннен кейін жылына 6 мың жүк вагонын шығарады деп жоспарлануда. Нәтижесінде 2700 жұмыс орны ашылады.

«ТексолТранс» жүк вагондарын шығару жобасы 2024 жылы Атырау қ. жүзеге асатын 17 инвестициялық жобалардың бірі. Зауыт Сарыөзек шағын ауданының аумағында орналасқан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!