Фото: Атырау облыстық ТЖД
Атырау облысында жыл басынан бері 31 автокөлік өртенді. Ал 2025 жылдың алғашқы үш айында 18 машина отқа оранған, – деп хабарлайды KAZINFORM.
Атырау облыстық ТЖД мәліметінше, көліктің өртенуіне техникалық ақаулар,сымдарының қысқа тұйықталуы және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы себеп болған.
Мамандардың айтуынша, көлік өрттері көбіне қозғалтқыш бөлігінде немесе электр жүйесінде туындайды. Әсіресе, уақытылы техникалық тексерістен өтпеген және ақауы бар автокөліктерде өрт шығу қаупі жоғары.
– Жүргізушілерге көлікті дер кезінде тексерістен өткізіп, қауіпсіздік талаптарын сақтауды қатаң ескертеміз. Электр сымдарына үнемі назар аударып, жанармай жүйесін бақылауда ұстау керектігін еске саламыз. Әрбір автокөлікте өрт сөндіргіш құрал болуы міндетті, – деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!