Коллаж: smartnews.kz

Ұлттық статистика бюросының еліміздегі көші-қон бойынша деректерді жариялады.

Өңірлерге көз жүгіртсек, Солтүстік Қазақстан облысынан биыл 10 ай ішінде 21 304 адам көшіп кеткен. Қоныс аударушылардың саны да көп деп айта алмаспыз. Салдарынан өңір халқы шамамен 5,5 мың адамға азайып отыр.

Ал Түркістан облысында биыл қаңтар-қыркүйек айларында 112 143 адам көшіп кеткен. Жетісу мен Қызылорда облыстарында да биылғы он айда өңір халқы шамамен 7,5 мың адамға азайып отыр.

Тек Алматы, Маңғыстау облыстарында және Астана, Алматы, Шымкент қалаларында ғана халықтың көші-қонында оң өсім бар.

Мәселен, Алматы облысынан қаңтар-қыркүйекте шамамен 103 500 адам кетсе, керісінше 106 500-ге жуық адам көшіп келген. Маңғыстауда көшіп келушілер арқылы халық саны 1 571 адамға өскен.

Халық санының көші-қон арқылы көбеюінен Астана қаласы көш бастап тұр. Осы аралықта 198 мың адам көшіп келсе, 143 500-дей адам қоныс аударған.

Алматы халқы 30 мың адамға, Шымкент тұрғындары 6,5 мың адамға көбейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!