Шиеліде жұмыс сапармен болған партияның облыстық филиалы төрағасы Жандос Базартай аудан жастарымен кездесті.

Индустриалды-аграрлық колледж алаңында өткен басқосуда филиал төрағасы аудан жастарымен пікірлесіп, партияның Жастар қанатымен жүзеге асып жатқан жобаларды таныстырды.   Сонымен қатар елімізде мемлекет, партия тарапынан жастарды қолдауға бағытталып жатқан жұмыстарды жеткізіп, оны тиімді пайдалануға шақырды.

− Жастар қай заманда да қоғамның қозғаушы күші. Болашақ жастардың қолында. Сондықтан сіздерге қойылар талап та, міндет те, сенім де жоғары. Бұл талаптардан мүдірмей өту үшін барлық мүмкіндіктер де жасалып жатыр. Соны дұрыс жағына пайдаланып, елдің дамуы жолында аянбай, белсенді еңбек етуге шақырамын, −  деді Жандос Базартай.

Аудан жастарымен кездесу өтті

Іс-шара барысында партияның облыстық филиалының төрағасы 5 желтоқсан − халықаралық волонтерлер күні мерекесіне орай  ерікті істерге белсенді қатысып, волонтерік қозғалысты дамытуға және қолдауға, сондай-ақ әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосып жүрген бірқатар аудан жастарын арнайы алғыс хатпен марапаттады. 

Жалпы кездесуде жастармен ашық пікір алмасу болып, олар өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!