Жыл сайын Kolesa Group компаниясы ұйымдастыратын IT-конференция қатысушысы анонстың қазақша нұсқасы болмағанына және конференцияның тек орыс тілінде өтетіне шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Yerzjan J-n есімді Facebook қолданушысы Kolesa Conf конференциясының ұйымдастырушысы жазған жауаптардың суретін жариялады. Ержан анонста қазақ тілінің болмауына және конференцияның орыс тілінде өткеніне наразылығын білдірді. 

Ал Анеля Керімбекова есімді ұйымдастырушы ІТ-аудиториясының 90%-ы орыс тілді болғандықтан, конференцияның орыс тілінде өтетінін айтқан. Сонымен қатар ол қазақ тіліндегі контенттің көбеюіне күш салып жатқанын айтқан. Қазақ тілінде кездесу өткізі келгенімен, мұнда талқылайтынын тақырып таңдай алмапты. 

Бұдан бөлек “әлеуметтік желіде кибершабуыл” дайындалғандықтан желіде пікір қалдыру қызметін өшіретінін хабарлаған. 

Көп ұзамай Kolesa Group компаниясының өкілдері қос тілде жазба жариялап, жағдайды түсіндіріп көрді. 

«Біз Қазақстан нарығына үлкен үлес қосып келеміз: пайдалы мақалалар жазып, кәсіби іс-шаралар өткіземіз, нарықты тек пайдалы материалдармен қамтамасыз ету үшін кәсіби тақырыптағы әр жарияланым мұқият тексеріледі. Компания бірінші болып қазақ тілінде авто және жылжымайтын мүлік нарығы туралы жоғары сапалы контент жасай бастады», – деп жазды көмпания өкілдері. 

Сондай-ақ конференция екі тілде өтетінін, ал ІТ-митап тек қазақ тілінде дайындалып жатыр екен. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!