Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында екі баланы ит талап тастады. Салдарынан үш жасар бүлдіршін ауруханада көз жұмды. Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, қайғылы оқиға Ақтоғай ауылында 1 сәуір күні кешке болған.

Полицияға екі баланы ит талағаны туралы ақпарат түсті.

«Анықталғандай, 3 және 5 жасар екі бала үйінің ауласында ойнап жүрген. Осы кезде оларға бос жүрген ит тап берген», – делінген хабарламада.Зардап шеккендер бірден ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, үш жасар бүлдіршін ауруханада жан тапсырды. Екіншісі ауруханаға жатқызылды.Ақтоғай ауданының полициясы тергеу жүргізіп жатыр.

Спутник.кз

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!