Фото: Aikyn.kz.

СҚО-дағы Мамлют ауданы Воскресеновка ауылдық округінің ғимараты толық жанып кетті. Алдын ала болжам бойынша, өрт пештен шыққан болуы мүмкін, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Дмитрий Растихиннің айтуынша, оқиға бүгін түнде болған. 

«Өрт пеш жағатын бөлмеден шығуы мүмкін. Жалын кейін әкімдік ғимаратына жайылған. Бұл үй 1961 жылы ағаштан салынған. Сондықтан бірден лап еткен. Ғимарат толық жанып кетті. Өрт сөндірушілер құжаттар мен компьютерлерді өрт сөндіру барысында сыртқа шығарып үлгерді. Өрт толық сөндірілді, тергеу жүріп жатыр, сондай-ақ келтірілген шығын мөлшері де анықталады», — дейді Дмитрий Растихин.

Маманның сөзінше, пеш жағу кезінде қауіпсіздік шаралары сақталмаған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!