AZAL әуе компаниясының жолаушылар ұшағының апатына байланысты тергеу үш мемлекет аумағында қатар жүргізілуде, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Бұл туралы Әзербайжан бас прокуратурасы тергеу департаментінің басшысы Немат Авазов мәлімдеді.

Авазовтың айтуынша, қазіргі уақытта оқиғаға қатысты шамамен 100 түрлі сараптама тағайындалған. Тергеу аясында әзірге барлық қажетті
шаралар атқарылып жатыр.

«Жақында әзербайжандық мамандар Қазақстанға барып, осы іске байланысты кең ауқымды пікірталастар өткізді. Біз сараптама нәтижелерін алу үшін жұмысымызды жалғастырып жатырмыз», – деді Немат Авазов.

Оның мәлімдеуінше, апатқа байланысты кейбір сараптама қорытындылары жақын арада жариялануы мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!