Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният  үшінші мегаполистегі азаматқа  көмекші қызметін ұсынды деп хабарлады turkystan.kz. 

Алмас Уткуров Ажар Ғиниятқа мүгедектерді емдеуге және тексеруге назар аударуын сұраған. Алмастың айтуынша, Қазақстанда мүгедектерге көп көңіл бөлінбейді. Министрді жігіттің әңгімесі таңғалдырғаны сондай, оған  көмекшісі болуды ұсынды. Енді ол елдің бас дәрігеріне көмектеседі.

«Құрметті Алмас, мен сіздің сұрағыңызды жеке бақылауыма аламын. Сіздің шынайы екеніңізді көріп отырмын, менің көмекшім болуды ұсынамын. Тіпті, осы жерде, Шымкентте де онлайн жұмыс істейтін боламыз», – деді Ажар Ғиният.

Арбадағы азамат ұсынысты қабылдап, көптеген мәселені тезірек шешуге болады деп үміттенетінін айтты.

«Министр маған сенім білдірді. Мен онымен жұмыс істеуге келісемін», – деді Алмас Уткуров.

Ол 2016 жылы жол апатынан кейін мүгедектер арбасына таңылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!