Әлеуметтік желілер мен кейбір ақпарат құралдарында Бауыржан Байбек пен Ерлан Нығматулинге қатысты қылмыстық із қозғалды деген ақпарат тараған. Антикор басшысы осыған байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Экспресс К. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында бұл тұрғыда ешқандай қылмыстық іс қозғалмағанын айтады.

Меніңше, атышулы істер бойынша елді елең еткізетін фамилияларды қуалаудың қажеті жоқ. Осы ретте бұл тұлғаларға қатысты айтсақ, бүгінгі күні біздің өндірісте оларға қатысты қылмыстық істер жоқ деп айта аламын,

— дейді Олжас Бектенов.

Бұған дейін Олжас Бектенов жемқорлық бойынша ұзақ мерзімге сотталғандар жазаларын соңына дейін өтейді деп айтқан еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!