Бүгін 11 қыркүйекте Байқоңыр ғарыш айлағының №31 алаңынан «Союз-2.1а» зымыран тасығышы «Прогресс МС-32» жүк кемесімен бірге ұшырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Zakon.kz жазды.

Мамандардың есептеуінше, тоғыз минуттан кейін кеме орбитаға шығуы тиіс. Ресей сегментіндегі «Звезда» модулімен түйісу 13 қыркүйектің кешіне жоспарланған.

Жүк кемесі орбитаға 2 516 кг жүк жеткізеді. Оның ішінде отын, ғылыми жабдықтар, су, оттегі және азық-түлік бар. Сонымен қатар ғарышкерлердің ашық ғарышқа шығуына арналған жаңа «Орлан-МКС» №7 скафандры да жеткізіледі.

Халықаралық ғарыш станциясына шамамен 17 кг жаңа піскен жеміс-жидек пен көкөніс (соның ішінде 5 кг грейпфрут пен 0,5 кг сарымсақ), сондай-ақ сублимацияланған өнімдер, консервілер, сусындар, тұздықтар мен екі түрлі кетчуп – «шашлык» және «лечо» жеткізіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!