Фото: zakon.kz
Арал қаласында «Байтақ» жасылдар партиясының Қызылорда облыстық филиалы ұйымдастыруымен «Байтақ елдің жастары» атты форум өтті.
22 желтоқсан күні «Байтақ» жасылдар партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Нұрхан Дүйсенханұлы Арал қаласына іс-сапары барысында бірқатар партия белсенділерімен «Байтақ» жасылдар партиясының Арал бастауыш партия жетекшісі Досым Жасекенов, «Тұран Ойпаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рысбаева Айнұр, Қызылорда облысының волонтерлер фронт офис жетекшісі Айтбенбетов Болатбек және Ақтөбе қаласы «Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық қорының төрағасы Қартбаев Жомартпен Арал қаласында жаңадан сайланған әкім Батыржан Ұзақовты сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Кездесу барысында бірқатар ұсыныстар ортаға салынды.
Атап айтқанда, Арал қаласын көгалдандыру, жасыл желектерді күтіп-баптау және партия белсенділерін жергілікті салалық комиссиялар қатарына қосу туралы ұсыныстар талқыланды.
Өз кезегінде Батыржан Ұзақов «Байтақ» партиясының жұмысына қолдау білдіретінін жеткізді.
Форумға қатысушы делегаттар «Балықшылар аллеясы» және «Балықшылар» музейін аралады. Үстел теннисінен және дәстүрлі садақ атудан «Кім Мерген?» атты жарысы өтіп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Форумның екінші күні экологиялық жобалар қорғаудан басталды. Жоба қорғауда Қармақшы ауданы жобасы үздік деп танылып, партия төрағасы Азаматхан Сайлауұлының алғыс хатымен және ақшалай сыйлық жеңіп алды. Екінші орын Жаңақорған ауданы және үшінші орынды Арал ауданы жүлделі орындар еншіледі. Жалпы жүлде қоры – 100 мың теңге. Экологиялық жобаларды қорғау барысында қатысушылар көгалдандыру, жасыл желекке айналдыру, қоқыс сұрыптау бойынша өз идеяларымен бөлісті.
Форумның жалғасы спикерлермен экологиялық тақырыпта тәжірибе алмасуымен жалғасы. Болатбек Серикбаев еріктілікке байланысты тренинг өткізді. Волонтерліктің 8 бағыты болатын болса, бір бағыты тікелей қоршаған ортаны қорғау және табиғатты аялау болатындығын форумға қатысушы жастарға жеткізді. Келесі спикер Ақтөбе қаласынан келген партияның белсенді мүшесі «Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық қорының төрағасы Қартбаев Жомарт Қартбайұлы тарихы мұралар жәдігерлерді сақтау бойынша тақырыпты жалғасытырды. Арнайылап Түркістан облысынан келген «Байтақ» жасылдар партиясының саяси кеңес мүшесі, «Байтақ-Болашақ» эко-альянс қоғамдық бірлестігінің Президенті, қоғам белседісі, табиғат жанашыры эколог-эксперт Ғани Назарбек қоршаған ортаны қорғау, Арал-Сырдария бассейнінде су тапшылығы проблемасы оның шешу жолдары туралы түсіндірме берді.
«Байтақ» жасылдар партиясының Арал бастауыш партия жетекшісі Досым Жасекенов, «Тұран Ойпаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рысбаева Айнұр форумда партияның бір жылдық мерейтойымен құттықтап, қатысушыларға ізгі ниет тілектерін білдірді.
Форум өз мәресіне жеткен сәтте филиал төрағасы Нұрхан Дүйсенханұлы арнайы партия төрағасы Азаматхан Амиртаев Сайлауұлының арнайы құрмет грамоталарымен филиал белсенділерін марапаттап, қорытынды сөз сөйледі. Барша белсенді қатысқан жастар филиал төрағасы Нұрхан Дүйсенханұлы алғыс хатымен марапатталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!