Ел Президентінің биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялауы еліміздегі әрбір сәбидің, бүлдіршін-балалардың бақытты балалығына, қуанышқа толы қызықты сәттеріне зор үлес қосуда. Осы орайда бүгін Н. Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында балалар жылына арналған «Өнер қуған өрендер» атты облыстық көркемөнер үйірмелеріне қатысушылардың мерекелік концерті өтті.
Концертке облыс әкімінің орынбасары Қайрат Ырзақұлұлы қатысып, жас өрендерге жүрекжарды жылы лебізін білдіріп, концертке қатысушыларға сәттілік тіледі.
Концертке өңіріміздегі барлық аудан, ауылдардан 200-ден аса өнерпаз бүлдіршіндеріміз қатысты. Талайды тамсандырып жүрген Сырдың жас жыршылары мен дәстүрлі орындаушыларының, қазақ фольклор өнерін талайға танытқан ансамбльдердің, мың бұралған бишілер мен күйшілердің, өңірімізде тұңғыш рет жұмысын бастаған классикалық өнердің бастауы болған балет студиясының, вокалдық орындаушылардың қатысуымен өткен шара жоғары деңгейде өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!