Фото: ІІМ
WhatsApp желісіндегі чаттарда мектептерде балаларға «құлпынай квик» кәмпиттері және құрамында есірткі — кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат тарауда.
Алайда, ІІМ бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.
- Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет.
Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн, – деп ескертті ІІМ баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар полиция ата-аналарға балаларына түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызды екенін еске салады.
Бұған дейін тұрғын үйлердің кіреберістерінде қауіпті QR-кодтары бар хабарландырулар ілінгені де фейк болып шыққан.
Дереккөз: kazinform.kz
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!