Әлеуметтік желіде баланың қатты жылағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны туралы ақпарат тарауда. Осыған байланысты Абай облысы полиция департаменті аталған заң нормасы дұрыс түсіндірілмегенін айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабында көзделген құқық бұзушылықтың құрамы тұрғын үйде немесе оның сыртында, сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейін шұғыл қажеттілікпен байланысты емес, адамдардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін шулы әрекеттерді жасау болып табылады.
Полиция қызметкерлерінің тексеру жүргізуіне негіз жеке немесе заңды тұлғадан түскен хабарлама не арыз болып табылады.
Әрбір арыз жекелей қарастырылып, құқық бұзушылықтың объективті және субъективті жақтары анықталады. Адамға әсер ететін физикалық факторларға қатысты гигиеналық нормативтерде шу деңгейінің күндізгі және түнгі уақытта рұқсат етілген мөлшерлері белгіленген.
Құзырлы ведомство сәбилердің жылауы әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болып табылмайтынын нақтылайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!