Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Балқаш қаласының Мира көшесінде 4 қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған дәмхананың ас үйінен өрт шықты, деп хабарлайды KAZINFORM ақпараттық агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, төтенше жағдайлар саласының өкілдері өрт кезінде 8 адам, оның ішінде 3 бала эвакуациялады.
«Оқиға орнына келген құтқарушылар мекеменің ас үйінде қазақнда май жанғанын анықтады. Өрт сөндірушілер 6 шаршы метр алаңды шарпып үлгерген өртті жедел түрде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ»,-делінген хабарламада.
«Есіңізде болсын! Егер май жанса:
Тамақ пісіріп жатқан пешті немесе электр құрылғысын өшіріңіз;
Табаны немесе кастрюльді қақпақпен жабыңыз, бірақ шыны қақпақ болмауы керек!
Жанып тұрған майды сумен сөндірмеңіз – бұл қауіпті;
Өрт сөндіргіштерді сатып алыңыз, алғашқы өрт сөндіру құралы жедел қызметтер келгенге дейін жалынды сөндіруге көмектеседі», – деп ескертеді ҚР ТЖМ өкілдері.
Осыған дейін елордада құрылысы жүріп жатқан ғимараттан өрт шыққан болатын.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!