Фото: stan.kz

Жалынды сөндіруге 24 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмылдырылды.

Балқашта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қоймасында өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

19 қаңтарда сағат 19:17-де Балқаш қаласында «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің қоймасында өрт шықты. Бір қабатты №21 жеке қоймада кеңсе тауарлары сақталатын. 

Қойманың жалпы ауданы – 1800 ш.м. Көмекші тауар материалдар өртенген.

Кешке жалынды сөндіруге 24 өрт сөндіруші мен 11 техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін тергеу анықтайды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!