Футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің үшінші тур ойындары өтті.
«А» тобының көшбасшысы италиялық «Наполи» Амстердамда «Аякспен» ойнап, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Топтағы екінші ойында «Ливерпуль» өз алаңында «Рейнджерстен» басым түсті – 2:0. «В» тобының аутсайдері саналған «Брюгге» Бельгияда «Атлетиконы» 2:0 есебімен қапы қалдырса, «Порту» дәл сондай есеппен «Байерді» ұтты.
«С» тобында «Интер» мен «Барселона» арасындағы ойында түркиялық Хакан Чалханоғлудың голы италиялық командаға жеңіс сыйлады. Екінші матчта «Бавария» «Виктория» қақпасына жауапсыз бес гол соқты – 5:0. «D» квартетінде «Тоттенхэм» мен «Айнтрахт» тең түссе (0:0), «Марсель» Францияда «Спортингті» 4:1 есебімен тізе бүктірді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!