Фото: ашық дереккөзден алынған
ҚР Бас прокуроры Берік Асылов прокурорлар заңдылықты нығайту, «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету және қоғамда заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру шараларын жалғастырып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оның сөзінше, осы санаттағы қылмыстардың алдын алу үшін жүйелі шаралар жүріп жатыр.
– Үйлестіру шаралары арқылы қылмыстық ахуалды жақсарту міндеттері жедел шешілді. Қылмыстық құқықбұзушылық деңгейі төмендеді (82 573-тен 76 512-ге дейін). Қоғамдық орындар (23 121-ден 21 269-ға дейін) мен көшелерде (11 035-тен 10 272-ге дейін) құқықтық тәртіп жақсарды. Алайда интернет-алаяқтық пен есірткі қылмысы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Осы санаттағы қылмыстардың жолын кесу, анықтау және ашу бойынша мүдделі органдармен бірлесіп ауқымды және жүйелі іс-шаралар жүргізілуде. Мәселен, алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде 61 кибертоп әшкереленіп, 217 «дроппер» қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Интернеттегі есірткінің заңсыз айналымы инфрақұрылымын тұрақсыздандыру мақсатында 88 мың есірткі дүкенінің шоттары бұғатталды, – дейді Б. Асылов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!