71 мың қазақстандық жеңілдетілген автонесиемен көлік сатып ала алады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін қаңтар айында айтқанымдай, «Жасыл даму» АҚ есепшотындағы 200 млрд теңгеден астам бос қалдық халықтың игілігі үшін жұмсалуы тиіс. Біз мұны қалай жүзеге асырмақпыз? 100 млрд теңге отандық көліктерді сатып алу үшін жеңілдетілген автонесиеге беріледі. Шарты мынадай: жылдық мөлшерлемесі 4 пайыз және бастапқы жарна 0 пайыз. Бастапқы жарнасы 20 пайыз, жылдық мөлшерлемесі 4 пайызбен 7 жылға берілетін қазіргі қолданыстағы бағдарламадан айырмашылығы осында. Сегменті қымбат емес көліктер екені түсінікті. Осылайша, біздің 71 мың азаматымыз қолжетімді бағаға және қолжетімді кредиттік ресурстарға жаңа көлік сатып ала алады», – деді Роман Скляр «Хабар-24» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасы барысында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!