Фото: Ғайсағали Сейтақ
Батыс Қазақстан облысында кейінгі тәулікте Жайық өзеніндегі су деңгейі сәл-пәл көтерілгені байқалады, – деп хабарлайды KAZINFORM.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың мәлім еткеніндей, трансшекаралық өзендегі су деңгейі Ресейдің Орынбор қаласында бір тәулікте 7 (425 см), Елек ауданы тұсында 2 (493 см) сантиметрге төмендеген.
Оның сөзіне қарағанда, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Жарсуат ауылындағы гидробекетте су деңгейі кейінгі тәулікте өзгермеген (494 см).
– Жайықтағы су деңгейі Бәйтерек ауданы Январцевте 436 (+2, қауіпті шегі – 1 мың см), Орал қаласында 358 (+4, 850 см), Көшімде 371 (-1), Ақжайық ауданы Мерген ауылында 554 (+3), Тайпақта 326 (+6) сантиметрді көрсетті. Басқа өзендердің арыны қайтты. Орынбор облысындағы Иреклі қоймасынан Жайыққа бұрынғыша секундына 15 текше метр су жіберіліп жатыр, – деді Т. Шапанов.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!