Фото: newizv.ru
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппаратының (ҰҰА) бөліктері табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті тиісті қызметтермен бірге Жәнібек ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттардың табылу фактісі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Полиция департаменті бұл объектіні тұрғындардан алыс, оқшауланған жерде тапқанын нақтылады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Айта кетсек, аталған ақпарат 2025 жылдың 24 наурызында, сағат 21:15-те телеграм-арналарда таралған болатын.
Оқиға орнына Жәнібек ауданының учаскелік полиция қызметкерлері, аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы, периметр топтары, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен прокуратура өкілдері барды.
Бұл Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауымен байланысты үшінші оқиға.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!