ІІМ есірткі қылмыстары туралы анонимді хабарламаларға арналған телефондарды жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті азаматтарға үндеу жасады.

«Құрметті азаматтар! Жаңа есірткі қаупі тез таралуына, жастарды заңсыз есірткі айналымына тартуда цифрлық арналар қолданылуына байланысты балаларымызды, жақындарымызды және еліміздің болашағын қорғау үшін күшімізді біріктіруіміз қажет. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі қылмыстарын, әсіресе, кәмелетке толмағандарды тарту жағдайларын анықтау, жолын кесу және алдын алу бағытында бар күш-жігерін салып жұмыс істеп жатыр. Алайда бұл мәселені тек құқық қорғау органдарының күшімен шешу мүмкін емес. Сіздерді бей-жай қалмауға шақырамыз. Балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлқындағы өзгерістерге назар аударыңыздар. Заңсыз сату бойынша күдік тудыратын интернет ресурстарға, граффити мен кодтары бар жарнамаларға мән беріңіздер. Әр өңір бойынша кері байланыс үшін телефон нөмірлерін жариялаймыз. Сіз маңызды ақпаратты анонимді және қауіпсіз түрде хабарлай аласыз. Бұл қылмыстың алдын алып, біреудің өмірін құтқаруға көмектесуі мүмкін», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.

“Бей-жай қалмаңыздар!“ ІІМ азаматтарға үн қатты

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!