Фото: Kazinform/Дарья Аверченко

Белгілі жазушы Бейімбет Майлиннің портреті Рудныйдағы тұрғын үйлердің біріне салынды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Қабырға суреті Майлиннің 130 жылдығына арнап салынған. Мурал алматылық өнерпаздар Қабөке Оралбек пен Аят Өркеннің қолынан шықты.

Жұмыс тура бір аптада аяқталған.

Қабырғада драматургтің портреті, қанатты сөзі мен ұлттық ою-өрнек бейнеленген. Портреттің ашылуында Б.Майлиннің ұрпақтары, атап айтқанда астанада тұратын шөбересі Ботагөз Әбіқанова келіп, бабасының құрметіне ұйымдастырылған шараға ризашылықтарын білдірді.

Портрет Рудный қаласы, Ленин 215 мекенжайында салынған.

Айта кетейік, 15 қарашада Бейімбет Майлиннің 130 жылдығы тойланды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!