Бельгияның Льеж провинциясындағы «Тианж-3» атом реакторы жоспардан тыс өшірілді. Бельгия билігі елдің электрмен жабдықталуына қауіп төнбейтінін хабарлады.

Қазір «Тианж-3» атом реакторы жұмыс істемейді. Атом электр станциясын басқаратын «Engie» электр энергиясын өндіретін компания реактор жұмысы дүйсенбі күні тоқтатылғанын хабарлады.

Оператордың мәлімдемесінде «қызметкерлер реакторды қауіпсіз күйге келтіре алды» делінген. Қазіргі уақытта «Engie Electrabel» реактордың істен шығуын зерттеп жатыр.

Бельгияда жұмыс істеп тұрған тағы 5 ядролық реактор бар. Мамандардың айтуынша, «Тианж-3» реакторындағы проблемалар электрмен жабдықтауға әсер етпейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!