Әйгілі диджей Иманбек Зейкенов Salem social media киностудиясының «Зауыт» (түсірілім барысындағы атауы) веб-сериалына түседі.

Грэмми беделді жүлдесінің иесі сериалдың негізгі актерлік құрамына енді.

Компания мәліметінше, Иманбек сериалда болашағынан үміт күттіретін маман рөлін сомдайды. Онымен сюжеттік желіге блогерлер Хакім Мұкарам мен Ілияс Көпжасаров түседі. Қазіргі уақытта Иманбек жобадағы түсірілім жұмыстарын аяқтап үлгерді.

Сондай-ақ танымал актерлер Қобыланды Болат пен Аружан Жазылбекова басты рөлде ойнайды.

Веб-сериалда бай отбасынан шыққан ерке жігіт Олжастың (Қобыланды Болат) оқиғасы туралы баяндалады. Жігіт кезекті теріс әрекеті үшін павлодарлық зауытқа қарапайым жұмысшы болып жіберіледі. Басты кейіпкер онда жаңа адамдармен танысып, өмірдегі маңызды мақсаттарға қол жеткізеді.

Картина түсірілімі 3 тамызда басталды және 22 күнге жалғасады. Релизі биылғы жылдың күзінде шығатыны жоспарланған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!