Қазақстанда ақпанда бензин бағасы 2021 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 0,3 пайызға, дизель отыны 1,7 пайызға арзандады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
2022 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанда 795,3 мың тонна бензин өндірілген. Бұл көрсеткіш жыл бойы өзгерген жоқ. Бұл ретте дизель отыны өндірісі бір жылда 9,7 пайызға өскен.
Биыл қаңтарда жергілікті кәсіпорындар бензинге деген сұранысты толық, дизель сұранысын 96,4 пайызға қамтамасыз етті. Жанар-жағармайды экспорттауға тыйым салынғандықтан, ол экспортқа шығарылмаған. Салыстыру үшін, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанында бензин экспорты – 100,9 мың тонна, дизель отыны экспорты 223,3 мың тонна болған.
2022 жылғы ақпанның аяғында бензин бағасының жылдық өсімі бірден 18,7 пайыз, ал дизель отынының бағасы бірден 44,2 пайыз болды. Алайда бұл былтыр бағаның өсуі нәтижесі. Биыл ақпанда 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бензин 0,3 пайызға, дизель отыны 1,7 пайызға арзандаған.
Жыл бой бензин бағасының өсуі Түркістан облысында (21,2 пайыз), Жамбыл облысында (20,1 пайыз), сондай-ақ БҚО мен Алматыда (19,8 пайыз) көбірек байқалды.
Дизель отынының қымбаттауы бойынша Батыс Қазақстан облысы көш бастап тұр – 72,5 пайыз. Үштікке Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары да кірген.
Ақпанда дизель отынының орташа бағасы литріне 235 теңге, қыста 346 теңге болды. АИ-98 бензині литріне – 232 теңге, АИ-95/96 бензині литріне – 210 теңге.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!