Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сарсен Құранбек Берденовке жасалған шабуылдан кейін қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Қала аумағында қосымша 1500 бейнебақылау камерасы орнату жоспарланып отыр. Бұл — қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында қолға алынған шара, – дейді Сәрсен Құранбек.
Ол Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков операция аяқталғанша Берденовтің қасында болды деп отыр.
Жалпы, осы жағдай болған кезде қала әкімі де, қала әкімінің барлық орынбасары да, аппарат басшылары да жұмыста болдық. Оқиға болған орынға тез арада шықтық, полиция, жедел жәрдем шақырылды. Тез арада Руслан Берденов ауруханаға жеткізілді. Сол жерде қылмыс жасаған күдікті ұсталды. Осы бірінші емханада ота жасалды. Ота ұзақ уақытқа созылды. Қала әкімі де, орынбасарлары да ота аяқталғанға дейін ауруханада болдық. Ота аяқталғаннан кейін ғана түнгі сағат екі шамасында үйімізге тарадық. Біз жағдайды толық бақылауда ұстадық. Ары қарай жағдайдың ушықпауын әкім жеке бақылауда ұстады, – дейді әкім орынбасары.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!