«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ» тарапынан
жарияланған
сайысқа
Отбасым – бірлігі мен ынтымағы жарасқан шағын мемлекет. Алтын қазығы – әкем мен анам. Ата-анамыз бойымызға адамгершілік,кішіпейілдік, имандылық қасиеттерді дарыта отырып, мәуелі бейтеректей өсіп-өнуімізге саналы тәрбие беруде.
Біз отбасымызбен бос уақытымызда кітап оқып, түрлі спорттық үйірмелерге барып машықтанамыз. Әкем мен анам біздің болашағымызға алаңдап, зиянды заттардан аулақ болуымызды, есірткінің зардабы оның денсаулыққа тигізер қаупі жайлы айтып отырады. Есірткіге үйрену өте тез, оны тұтынған сайын көп мөлшер керек болады. Есірткі алдымен елітіп, ағзаны зақымдайды. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын болады. Бір шырмалған жанның одан құтылуы оңайға соқпайды. Сондықтан да есірткінің алдауына түсіп қалмаған жөн деп үнемі ескертіп отырады.
Болашағымыз жарқын болу үшін осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Өзіңді мықты, ақылды, қайратты адам етіп тәрбиелеп шыға білу маңызды.
Менің замандастарыма айтарым, ата-ана ретінде өмірде жақсылық көп болатынына сен, есірткісіз болашақ ең жақсы болашақ екеніне сен! Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, салауатты өмір салтын насихаттайық! Сөзімді қорытындылай келе: «Отбасы – ошақ қасы, әр адамның ыстық ұясы» дегім келеді. Менің отбасым – нағыз берік отбасы.
# есірткіге қарсы
#противнаркотиков
Қармақшы ауданы,
№30 мектеп,
Жаңатаевтар отбасы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!