Отбасы – сыйластық, құрмет, жарастық орнаған кішкентай мемлекет. Әрбір отбасының ең маңыздды қызметтерінің бірі – тәрбие, ұлттық салт-дәстүрлер,наным-сенімдерді бойымызға сіңірту.
Мен, Мейрам Ұлпан ынтымағы жарасқан қазақтың қарапайым шаңырағында дүниеге келдім. Отбасымызда ата-әже, әкем, анам, екі әпкем және інім тұрамыз. Отбасым жылулыққа, тазалыққа, махаббатқа, және денсаулыққа аса мән бөлетін жандарға толы. Үйіміздің ұйытқысы, алтын қазығы – әкем мен анам.
Күнделікті балаларымыз зиянды әрекеттерден аулақ болсын деп ешкімнің алдауына түсіп қалмауымызды, есірткінің соңы жақсылыққа әкелмейтінің айтып отырады. Денсаулығымыздың жақсы болуын ойлап, анам бізді түрлі спорттық үйірмелерге берді.
Біздің тек салауатты өмір салтын ұстануымызды қадағалап, көп көңіл бөледі. Кейбір жанұяларда түсінбеушілік болып жатқанда балалар зиянды әдеттерге әуестене бастайды. Осы әдетке әуестенуі бірінші қоршаған орта, екінші отбасының тәрбиесінің маңызы зор.
Нашақорлыққа көбінесе ата-анасынан жылулық, көңіл аудармағандықтан осы жолға түсіп кетеді. Пайдаланып көрген адам, қаншалықты денсаулығына зиян екенін білсе де қоя алмай қалады екен. Мұның соны зорлық-зомбылыққа, ұрлыққа, қылмыскер атануға апаратынын барлығымыз білеміз.
Сол үшін отбасымен бірге спортпен айналысып, ойнап, күліп, бір-біріне уақыт бөліп, көңілді өткізу керек. Ең бастысы, өмірге сенімді көзбен қарауға үйрену. Сонда ғана іргесі берік отбасы қалыптасады, іргесі берік отбасында есірткіге жол жоқ. Біздің отбасы есірткіден алыс.
Мейрам ҰЛПАН,
№187 М.Шоқай атындағы ІТ лицейі
3 «Б» сынып оқушысы
Әбдрейімовтер отбасы
Сынып жетекшісі: Сәуле БАКИРОВА
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!