Фото: egemen.kz
Батыс Қазақстанда бес адамның өмірін жалмаған жол апаты орын алды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Жол-көлік оқиғасы 24 тамыз күні таңғы 7.00 шамасында Жалпақтал кентінің маңында болған. Казталовка-Орал тас жолында автокөлік жол бойында тұрған шөп тиелген жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты болған кезде көлікте бес адам болған.
Төрт адам оқиға орнында тіл тартпай кетті, ал бесіншісі кейінірек ауруханада қайтыс болды.
Қаза тапқандардың арасында Казталов полиция бөлімінің бірінші орынбасары, полиция майоры Марлен Қарабаев та болған. Онымен бірге көлікте болған жұбайы да қайтыс болды.
Марқұмдардың артында бес баласы жетім қалды.
Уральская неделя басылымының мәліметінше, көлікте қайтыс болғандардың барлығы сыныптастар. Полицей отбасынан бөлек, қаза тапқандардың ішінде ерлі-зайыпты болған. Олардың соңында жеті баласы қалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!