«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасы аясында білім беру ұйымдарында оқушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау негізгі алынған.

Осы орайда партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов және облыстық, қалалық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Қызылорда қаласындағы М.Дүйсенов атындағы №15 жалпы білім беретін мектеп-лицейінің күрделі жөндеу құрылысы жұмыстарына бақылау жүргізді.

Білім ордасының іргетасы 1974 жылы қаланған. Мектептің жобалық қуаты 480 оқушыға арналған. Бүгінде екі ауысым бойынша 709 оқушы білім алады.

Құрылысқа жауапты «N Строй Сервис» ЖШС өкілінің айтуынша, жоба құны 126 406,2 миллион теңге. Күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айында басталған. Қаржының бөлінуі мен құрылыс материалдарынан еш кедергі жоқ. Жаңа оқу жылына, яғни тамыз айының 20-на дейін аяқталады. Ал қазір білім ошағындағы жөндеу жұмыстарының 65%-ы орындалған. Ғимараттың құрылысы жұмыстары бойынша монтаждау жұмыстары да аяқталған. Жаңартылған электржүйелері толықтай жасалып, жылу, су құбырлары сонымен қатар ғимараттың ішкі жұмыстары, қабырғаларды тегістеу, сырлау жүргізілуде.

Күрделі жөндеу жұмыстарымен танысқан партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов мердігерлерге құрылысты оқу жылына дейін сапалы бітіру қажет екені жөнінде талап қойды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!