Полицейлер бір дөңгелегі жоқ автобуспен жолаушы тасымалдаған жүргізушіні анықтады. Бұл туралы Lada.kz жазды.
Ақтауда дөңгелегі түгел емес автобуспен жолаушы тасымалдаған жүргізушінің әрекетін видеоға жергілікті тұрғын түсіріп алған. Куәгердің видеосынан №104 бағыттағы автобустың сол жағындағы артқы дөңгелегінің бірі жоқ екенін анық байқауға болады.
Осы жайттан соң Мұнайлы ауданының полицейлері жүргізушінің кім екенін анықтады.
Оқиғаның мән-жайы тексеруден соң анықталады. Автобус жүргізушісі айыппұл төлеп, жауапқа тартылуы мүмкін.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!