Фото: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Семейде бір тәуліктен астам уақыт бойы бүкіл қала іздеген бала табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Абай облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

19 шілдеде жоғалып кеткен үшінші сынып оқушысы аман-есен табылды. Оны полицейлер, еріктілер және қала тұрғындары іздеді.

«Іздеу қараусыз қалған ғимараттарда да, ойын-сауық орындарында да жүргізілді. Іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары Восточный кентінің ауданынан оқушыны тапты», – деп хабарлады полиция.
Бала полиция бөліміне жеткізіліп, онымен әңгіме жүргізілді. Бала психологтың қарауынан кейін ата-анасына тапсырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!