Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев 21 маусымда Астана қаласындағы Бас мешітке зиярат жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Зиярат аясында Нұрсұлтан Әбішұлы өмірден өткен әулетінің марқұмдарына құран бағыштап, ел амандығы мен бірлігі үшін дұға жасады», – деп жазды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
Діни басқарманың хабарлауынша, экс-президент бас мешіттің ел руханиятындағы орны мен маңызына тоқталып, имандылық пен ұлттың бірлігін нығайтудағы қызметіне сәттілік тіледі.

Фото: ҚМДБ
Мүфтияттың ресми сайтында Назарбаевтың мешітте жүргенде түсірілген бірнеше суреті жарияланды.

Фото: ҚМДБ
Экс-президентті мешіт қызметкерлері мен күзетшілер ертіп жүрді. Оның қасына жақындауға рұқсат жоқ. Қоршаудың арғы жағындағы халық оны суретке түсіріп тұрды.
Еске салайық, Астана қаласындағы бас мешіт 2023 жылдың 12 тамызында ашылды. Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған. Құрылысқа барлығы 100 миллиард теңгеден аса қаржы жұмсалды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!