Бейбіт шеруімен басталып, осы сәтті пайдаланған лаңкестік топтардың террористтік әрекеттеріне ұласқан қайғылы күндер Тәуелсіздік алған жылдардағы ең ауыр күндер болды. Бұл күтпеген жағдай баршамызды есеңкіретіп тастады. Ертеңгі күнімізге деген сенімге қаяу түсірді.

Мемлекет басшысы қайғылы күндерде бірлігін танытқан қазақстандықтарға шынайы ризашылығын білдіре отырып: «Ең бастысы, береке-бірлікті, тыныштық пен тұрақтылықты сақтауымыз қажет. Енді, Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады. Бұл шынайы жаңару кезеңі болады. Егемен елімізді бірге өркендетейік! Халқымыз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Жаңа Қазақстанды Бірге құрайық!» -деп үндеу тастады.

Қашанда бейбітшілік пен ауызбіршілікті ойлаған халық үшін Президентіміздің бұл мәлімдемесі ертеңгі күнге деген сенімнің бір ұшқынын жақты.

Бауыржан Қайырбекұлы,

қалалық мәслихат депутаты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!