Фото: Jogargy_sot

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған Айжан Аймағанова жаңа қызметке тағайындалды. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Астана прокуратурасы растаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазіргі таңда Айжан Аймағанова мемлекеттік айыптауды қолдау және Астана қаласы прокуратурасының апелляциялық сатысына қатысу басқармасының бастығы қызметін атқарады.

Айта кетейік, жақында прокурор Айжан Аймағанованың шені жоғарылаған. Ол Instagram желісіндегі парақшасында подполковниктің погоны («әділет кеңесшісі» сыныптық шені) киімімен түскен жаңа видеосын жариялаған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!