Елімізде биыл тұрғын үй бағасы өскен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бірінші нарықтағы баспананың бір шаршы метрі 499 257 теңге болса, екінші нарықтағы құны 511 мың 717 теңгеге жуықтады. Осылайша теңгемен есептегенде шамамен 3,4 пайызға артқан.
Алайда долларға шаққанда 10 пайызға арзандады, дейді сарапшылар.
Баспана бағасы әсіресе үш өңірде қымбаттаған. Ақтөбеде жыл басынан бері жаңа үйлер 11 пайызға, Көкшетауда 10,1 пайызға, ал Таразда 10 пайызға өскені байқалады, деп жазады qazaqstan.tv.
Екінші нарықтағы бағалар бойынша Атыраудағы баспаналардың бағасы 16,7 пайызға, ал Астана мен Көкшетауда 9,8 пайызға қымбаттапты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!