KAZINFORM – Қазақстанда базарларды жаңғырту жұмысы басталды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков мәлім етті.

2025 жылға 100 базарды жаңғырту жоспарланып отыр. Жол картасына сәйкес базарларды жаңғырту бойынша құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, яғни эскиздік жобалар мен жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр. Қажетті құжаттар келісіліп, бекітілуде, топотүсірілім жүргізіліп жатыр, сондай-ақ аумақтарды қоршау, қойма үй-жайларын бұзу және тағы басқа жұмыстар істеліп жатыр. Сауда базарларының жай-күйін бағалау үшін министрлік өкілдері ақпан, наурыз және сәуір айында базарларды аралайды. Сапар барысында барлық өңірдің базарларына егжей-тегжей түгендеу жұмысы жүргізіледі, – деді Айдар Әбілдабеков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, базарларды жаңғырту жұмыстары жергілікті әкімдіктермен, Мемлекеттік кірістер комитеті, төтенше жағдайлар қызметі, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы және санэпидемиологиялық қызмет өкілдерімен бірлесіп жүргізіледі. 

Жаңғыртуға жататын базарлар: 

Астана қаласы – 7 базар; 
Алматы қаласы – 10 базар;
Абай облысы – 3 базар;
Ақмола облысы – 1 базар;
Ақтөбе облысы – 2 базар;
Алматы облысы – 11 базар;
Атырау облысы – 4 базар;
ШҚО – 3 базар;
Жамбыл облысы – 3 базар;
Жетісу облысы – 6 базар;
БҚО – 14 базар;
Қарағанды облысы – 5 базар;
Қостанай облысы – 4 базар;
Қызылорда облысы – 4 базар;
Маңғыстау облысы – 5 базар;
Павлодар облысы – 8 базар;
Түркістан облысы – 8 базар;
Ұлытау облысы – 2 базар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!