Биыл елімізде ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу жоспарланып отыр. Осыған орай пилоттық жоба ретінде әр өңірдің бір аймағында санақ жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы санағын өткізу мақсаты мен міндеттері: 

  • – ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы толық ақпарат алу;-  өнімнің тиімділігін және ауылшаруашылығы өнімінің 
  • бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу;
  • – іріктемелі бақылаулар мен бір реттік жазбаларды жүргізу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санын жаңарту.

Ауыл шаруашылығы санағын өткізу мерзімдері: 

  • Ауыл шаруашылығы санағы  2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін 30 күн ішінде арнайы веб-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен;
  • – сауалнаманы толтырмағандардың тізімін жасау үшін 20 күн ішінде одан әрі өңдеу жүргізіледі.
  • – санақ 2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазан 30 күн аралығында, санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен және планшеттерді қолданумен жүргізіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!