Фото: Ақерке Дәуренбекқызы \ Kazinform
Биыл көмір саласына 553 млн теңге инвестиция тартылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM.
— Бүгінгі таңда пайдалы қатты қазбалар саласының 40 жер қойнауын пайдаланушысы көмірге қатысты 41 келісімшартпен жұмыс істейді. Қазіргі уақытта көмір саласына жаңа инвестициялар тарту жұмысы жүйелі түрде жүргізілуде. 2025 жылы келісімшарттардың жұмыс бағдарламаларына сәйкес көмір өнеркәсібіне инвестициялар көлемі 305 млрд теңгені құрады. Ал 2026 жылы салаға инвестиция тарту 553,5 млрд теңге болады деп күтіледі, — деді Ерлан Ақкенженов.
Оның мәліметінше, көмір өнеркәсібінде шамамен 32 мың адам жұмыспен қамтылған. Аталған секторды орнықты дамыту кезінде жұмыс орындарының өсуі күтіледі.
— Министрлік көмір саласындағы геологиялық барлауды дамытуға айрықша назар аударады. Жыл соңына дейін 10-ға жуық жер қойнауы учаскесінің көмір кен орындарына жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша аукцион өткізу жоспарланған, — деді министр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!