SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы LRT құрылысы аяқталуға жақын екенін айтып, күзде іске қосылатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz жазды. 

“Сіздің қолдауыңыздың арқасында LRT жобасы аяқталуға жақын. Жазда құрылыс толығымен аяқталады. Қыркүйекте алғашқы пойыздар келеді, бұдан кейін сынақтар белсенді түрде басталады”, – деді Қасымбек.

Еске салайық, бұған дейін Жеңіс Қасымбек эстакада бөлігінің құрылысы аяқталып, станцияларда темірбетон жұмыстары орындалғанын айтқан еді. Сондай-ақ Есіл өзені арқылы көпір салынды. Қазір 18 станцияның құрылысы жүргізіліп жатыр. 

“2026 жылдың соңына дейін жобаны толық аяқтау жоспарланған, оның ішінде Қабанбай батыр даңғылы мен Қалдаяқов көшесінің бойындағы LRT эстакадасы астындағы аумақты абаттандыру қарастырылған”, – деді өз баяндамасында.

Жеңіс Қасымбек алғашқы пойыз құрамдары 2025 жылдың тамыз-қыркүйек айларында жеткізілетінін айтады. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!