Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев әлеуметтік желідегі парақшасында депутаттар арасында корпоратив өткізбейтінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Жыл аяқталып келеді. Әрбір отбасыда қуаныш, шаттық, береке болсын! Қайғы көрмеңіздер. Осы ретте сіздерге бір шағын құпияны айтайын, депутаттардың арасында арнайы корпоративтік кеш өтпейді. Оған тыйым салынған. – дейді депутат.
Алайда оларға түрлі компаниялардың корпоратив кешіне баруға тыйым салынбаған. Бұл ретте өзін түрлі компаниялардың жыл сайын шақырып тұратынын жасырмады. Осы жолы құрылыс компаниясының жаңажылдық кешіне бара жатқанын айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!