Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Биыл мектептерде соңғы қоңырау салтанатты іс-шарасы болмайды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі khabar.kz-ке сілтеме жасап.
25 мамырда жылды қорытындылау үшін сынып сағаттары өткізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы мәлімдеді. Бұған дейін ведомство сынып сағаты 24 мамырда өтетінін мәлімдеген еді.
Аттестаттарды тапсыру және «Алтын белгімен» марапаттау барлық емтихан аяқталғаннан кейін 12-15 маусым аралығына жоспарланған.
«120 мыңнан аса оқушы қашықтан оқу форматына көшірілді. Бүгінде бұрын эвакуациялық пунктерде болған 5 мыңға жуық бала келесі нысандарда оқу процесін аяқтап жатыр. Балаларды сауықтыру орталықтарында 600-ге жуық оқушы, колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақхаларында 2 мыңға жуық бала. Республикалық маңыздағы мектеп-лицейлердің интернаттарында 600-ге жуық бала орналастырылды», – деді Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!